11 «Сәуір», 2022 3035

Атырауда орталық көпір уақытша жабылады

 Атырауда орталық көпір уақытша жабылады

Қала аумағында жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ATPress.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «11 сәуір күні сағат 21:00 ден бастап орталық көпір арқылы көлік қозғалысы 1 тәулікке уақытша жабылады. Жөндеу жұмыстары барысында қауіп төндіретін тұстары бітеліп, жөнге келтіріледі. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады»  делінген ресми хабарламада.