Атырауда орталық жол жабылады

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"4 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне орай 1 маусым күні Атырауда алғаш рет Қазақтың Ұлттық киімдер шеруі өтеді. Осы ретте, сағат 19:00-19:30 уақыт аралығында Сәтбаев даңғылының Пушкин көшесі қиылысынан бастап Ерниязов көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы үшін уақытша жол жабылатындығын хабарлаймыз. Осыған орай, Сіздерден өздеріңіздің жол бағыттарыңызды алдын-ала жоспарлауға және көлік қозғалысындағы уақытша шектеулерге түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 2 человека и текст «казактын улттык кимдер шеру 1 маусым басталуы: CAFAT 19:00 жиналу орны: исатай-махамбет аланы Cരoa ා»