Атырау қаласындағы Құлманов көшесі жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Құлманов көшесі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Т.Бигельдинов көшесінен Худина көшесіне дейінгі 330 метр аралық 10 тамыз сағат 9:00 ден бастап уақытша жабылатындындығын хабарлаймыз. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады.Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады" делінген әкімдік хабарламасында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ