Атырауда орталық көшелердің бірі жабылмақ

Бүгін, 19 желтоқсан сағат 14:00 ден бастап орталық көшелердің бірінде көлік қозғалысы тоқтатылмақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Атырауда Абай көшесі, атап айтқанда, Махамбет көшесінен Азаттық даңғылына дейінгі айналма жол аралық «Жұлдызды аспан» жарық шамдарын орнату үшін үш күнге уақытша жабылатындығын хабарлаймыз" делінген баспасөз хабарламасында.

Қосымша өзгерістер болса Атырау қаласы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланады.

Айта кетейік, биыл шаһарды мерекелік безендіру бағытында "АМӨЗ", "ВІ", "Қазтрансойл", "NCOC", "АИС" және " БАЗИС А" компаниясы қолдау көрсетпек. Ал, мерекелік шаралар мен отшашуға қаражат қалалық қазынадан қаралып отыр.Бірақ, әзірге оның нақты сомасы белгісіз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: "AtyrauPress"