Атырауда орталық көпірден әйел адам секіріп кетті (+ВИДЕО)
Бүгін 13 қарашада сағат 15:00-де Атырау қаласында орталық көпірден белгісіз әйел секіріп кеткені жөнінде полицияға хабарлама түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Шақырту орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті. Бұл туралы Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.
Сағат 15:07 минутта бас құтқарушы Берікқали Айдаров, құтқарушылар Ернар Ануарбеков пен Айдын Бағыттың жедел әрекетінің нәтижесінде суға батып бара жатқан азаматша аман-есен құтқарылды. Құтқарушылар 1999 жылы туған әйел адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Қазір әйел адамның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ