Атыраулық құтқарушылар әйел адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгін сағат 20:35-те Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына Орталық көпір тұсында Жайық өзені бойында әйел адамның белгісіз жағдайда суға батып бара жатырғаны жөнінде шақырту түсті. Құтқарушылар дереу шақырту орнына жетіп, құтқару операцияларына кірісті.
Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кезекті профилактикалық рейдте кезекшілікте жүрген құтқарушылар А. Бахытданұлы және Ж. Жолмухановтың жедел әрекетінің нәтижесінде, әйел адам құтқарылып, жағаға шығарылды. Құтқарылған әйел адамның жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді.
"Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!" дейді құтқарушылар.
Бейнежазбаны осы жерден көре аласыздар.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ