Атырауда орталық алаңды жалға беру бойынша тендер жарияланды

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Қалалық коммуналдық меншіктегі Исатай-Махамбет атындағы алаңында халыққа кәсіпкерлік қызмет көрсетіп отырған тұлғалардың әрекетін заңдастыру мақсатында Атырау қалалық қаржы бөлімімен алаңның 27 бөлігін (паравоз, спорттық батут, тир, балалар машинасы, скутер, сигвей, соққы аппараты, аттракцион, велосипед, попкорн, балмұздақ, сусындар, тәтті мақта қызметіне пайдалану) жалға беру бойынша тендер жарияланды. Жалға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары арқылы жүзеге асырылады" делінген

Айта кетейік, тендердің өткізу уақыты 2023 жылдың 11 шілдесіне белгіленді. Оған www.gosreestr.kz интернет веб-порталына тіркелу арқылы қатысуға да мүмкіндік бар. Жалға беру объектілер туралы қосымша ақпаратты 8 (7122) 25-05-29 және 8 777 342 33 13 телефондары арқылы алуға болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ