Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
14 ақпан күні сағат 11:20 шамасында Атырау қаласы, Сатыбалдиев-Тұран реттелген көше қиылысы бойында 1993 жылы туған азаматтың басқаруындағы Урал-5557 көлігімен солға бұрылу кезінде метереологиялық жағдайды ескермей, 1997 жылы туған азаматтың басқаруындағы маркасы Hyundai Creta және ВАЗ-2114 көліктерімен соқтығысқан. Соққы екпінімен маркасы ВАЗ-2114 артында тұрған Hyundai Accent көлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде, Урал-5557 жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, жауапкершілікке тартылды.