Атырауда өрт кезінде 7 адам құтқарылып, 36 адам эвакуацияланды

Атырау қаласының Алмагүл шағынауданында 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы подъезде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып, нәтижесінде 2 және 3 қабаттағы электр қораптары өртенді.

ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 7 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды; 36 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала бар.

 Өрт қысқа мерзімде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.