Атырауда Орал өзені бойынша рейдтер күшейтілген режимде жалғасуда

Күн сайын Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары облыс су айдындарында күнделікті профилактикалық іс-шараларды жүргізуде, деп хабарлайды АtyrauРress.

Құтқарушылар рейд барысында ата-анасының қарауынсыз, қауіпті аймақтарда суға шомылып жүрген балаларды көп кездестіреді.

ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу» туралы 412 бабы бойынша 12 ата-анаға балаларын су айдындарында қараусыз қалдырғаны үшін хаттама толтырылды. Ал жалпы саны 51 тұрғынға рұқсатсыз суға шомылғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.