Оқушыларды жазғы сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру бағытында, 130 мыңнан астам баланы қамту жоспарланған. «Жазғы демалыс уақытында балалардың демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру туралы» облыс әкімінің өкімі шығарылып, іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуі ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі. Оқушыларды жазғы сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру бағытында, 130 мыңнан астам баланы қамту жоспарланған. Бұл 97%-ды құрайды. 2022 жылы облыста жаз мезгілінде балалардың демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы тамақтандыру лагері, сондай-ақ, оның 59-ы шипажай үлгісіндегі лагерьлер, тамақтандырусыз мектеп жанындағы бейіндік лагерьлер жұмыс жасады. Жазғы демалыс уақытында балалардың демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру барысында 1685 жасөспірімді қамтитын 71 шатырлық лагерьлер ауыл сыртында, туристік дағдыларды меңгерту мақсатында ұйымдастырылды. Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру — бүгінгі күннің басты міндеті.