Атырауда оқушы өзіне қол жұмсады

Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады, деп хабарлайды AtyrauPress.kz тілшісі.

Жылой ауданында 14 жастағы жасөспірімнің денесін ата-анасы үйдің шатырынан тауып алған. 

"Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Толық ақпарат қосымша хабарланады" дейді ПД өкілі Мейірім Ердәулет.

 Айта кетейік, марқұм артында ешқандай хат қалдырмағаны белгілі болып отыр.