Атырауда жаңа зауыт ашылады

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев германиялық WIKA Alexander Wiegand  SE & Co.KG компаниясының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды AtyrauPress.

 Дүниежүзі бойынша өндірістік бағыттағы бақылау-өлшеу құрылғыларын өндіретін ең ірі кәсіпорын қазіргі уақытта Атырау облысында осындай зауыт салып жатыр.

1,5 млн еуро көлемінде салынып жатқан инвестиция нәтижесінде  Атыраудағы зауыт қазан айында жұмысын бастайды.

Бұл зауыт  облыстың экономикалық, сонымен бірге әлеуметтік саласына үлкен серпіліс әкеледі. 25 жұмыс орыны құрылып, өндірістік сала спектрі кеңейеді.