Атырауда ONAY! жүйесі іске қосылмақ

Биыл 30 наурыздан бастап Атырау қаласында ONAY! электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазір қалада барлық дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қоғамдық көліктерге қажетті құрылғылар орнатылып, бағдарламалық жүйелер енгізілуде, сондай-ақ қызмет көрсету орталығы ашылады.

Қала тұрғындары үшін 100 мыңнан астам көлік картасы жеткізілген. Бүгінде оқушылар мен студенттерге арналған карталар оқу орындары арқылы таратылып жатыр. Ал жеңілдік санатындағы азаматтар үшін арнайы өтініш қабылдау пункттері жұмыс істеуде. Жүйе іске қосылғанға дейін жеңілдік карталарын рәсімдеу тегін жүргізіледі.

Сонымен қатар, жолаушылар ONAY! мобильді қосымшасы арқылы жолақыны QR-кодпен төлеп, автобустардың қозғалысын онлайн бақылай алады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ