Атырауда «OLX» арқылы есірткі жасырған жасөспірім ұсталды

Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері наурызда қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырумен айналысып жүрген 2006 жылы туған жасөспірімді анықтаған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Тексеру кезінде 26,7022 грамм «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі және 16 дана изолентаға буылып түйілген орамалар анықталып тәркеленді. Осылайша, жасөспірім «OLX» әлеуметтік желісі арқылы заңмен тыйым салынған «Мефедрон» синтетикалық есірткісін қала аумағындағы кез-келген жерлерге жасырын тығу арқылы заңсыз жолмен ақшалай пайда табу мақсатында бастамақшы болғанын өз сөзінде келтірді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жасөспірім кінәлі деп танылып, сот шешімімен үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ