«Исатай және Құрманғазы ауданында бірнеше жылқы малының белгісіз себептен өлгені анықталды»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшсы Амангелді Саламаттың айтуынша, олардың себебін анықтау үшін 25-наурыз күні жергілікті ветеринар мамандар сынама алып, Ұлттық ветеринариялық референттік орталыққа тапсырған. Аталған орталық жылқыларда инфекциялық анемия мен ринопневмония аурулары яғни аса қауіпті жұқпалы аурулар болмағанын анықтады. Ал ветеринария мамандары олардан паразитарлық ауру белгілеріне ұқсас жағдайды байқағандықтан, облыстық ветеринариялық зертханаға да паразитарлық ауруларды анықтау үшін сынама тапсырылды. Зерттеу нәтижесі шыққан соң қосымша жарияланады. Малы ауырғанын хабарлаған бірнеше азаматтың жылқыларына қазіргі уақытта жергілікті жердегі ветеринар мамандары симптоматикалық емдеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ облыс әкімдігі өңірге Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мамандарын алдыруда. Олар ертең яғни 31 сәуір мен 2 сәуір аралығында аталған аудандарда сынама алып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.