Атырауда оқу жылы басталғанға дейін мектептер жөнделіп бітпеуі мүмкін

Оқу-ағарту министрлігінде 2023-2024 оқу жылына дайындық жұмыстары талқыланған кеңес өтті. Жаңа оқу жылына дейін 35 мектептің жөндеу жұмысы аяқталмауы мүмкін, деп хабарлайды AtyrauPress Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазіргі күні еліміздегі 250 мектеп күрделі жөнделіп жатыр, оның 90-ы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасымен жүзеге асып жатыр. Алайда жаңа оқу жылына дейін 35 мектептің жөндеу жұмысы аяқталмауы мүмкін. Бұл – Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында орналасқан мектептер", – делінген хабарламада. 

 Бұл – Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында орналасқан мектептер.

Комитеттің хабарлауынша, білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету бағытында 14 өңір 100 пайыз баспалармен келісім шарт жасады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында келісім-шарт жұмысы енді аяқталса, Алматы қаласы, Түркістан, Алматы облыстарында баспалармен әлі келісім шарт жасалмады.