Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Атырау облысы білім беру басқармасы Ауа-райын болжау орталығы берген мәліметтерге сүйене отырып, ертең, яғни, 7 ақпан күні барлық білім беру ұйымдарының оқу процесі қашықтықтан өтетінін хабарлайды" делінген хабарламада.
Айта кетейік, сондай-ақ, ертеңге жоспарланған оқушылар олимпиадасы да ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегеріліп отыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ