Атырауда обырдың алдын алуға арналған апталық басталды (+ВИДЕО)

Еліміздегі жатыр мойны обырының алдын алу апталығы басқа ауруларды да анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
23-27 қаңтар аралығын қамтитын акция Қазақстанның барлық 20 өңірлік онкологиялық орталықтарында және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді.
"Емханамызда апталыққа байланысты барлық дәрігерге дейінгі кабинеттер дайын. Сонымен қатар, мамандар сіздерге кеңес беруге әрдайым дайын! Сұрақтарыңыз болған жағдайда Direct хабарламалар каналы ашық!" деп хбарлайды Геолог емханасының баспасөз қызметі.