Атырауда облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» қорытындыланды (видео)

2022 жылдың 22 қыркүйек - 26 желтоқсан аралығында мектеп оқушылары спорттың 12 түрінен жарыс өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спорттық сайыс облыстық Білім беру басқармасы мен аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өтті. Биылғы 2022-2023 оқу жылында «Ұлттық мектеп лигасына» мектепішілік, қалалық, аудандық және облыстық кезеңге 110 мыңға жуық оқушы қатысқан.


- Оқушыларымыздың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанғаны жақсы. Бүгінде сол оқушыларымыздың нәтижесін көріп отырымыз. 5-11 сынып оқушылары волейбол, баскетбол, футзал, футбол, баскетбол 3х3, тоғызқұмалақ, гандбол, асық ату, бес асық, шахмат, нстел тениисі, жеңіл атлетикалық кросстан жыл сайын қатысып келеді. «Ұлттық мектеп лигасы» - балалардың мектеп шағындағы бақытты естеліктерінің бәрі де бірегейі деп айтқым келеді. Республикалық Ұлттық мектеп лигасына қатысатын командаларға сәттілік тілеймін, деді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Сәдуақасова.


Облыстық Ұлттық мектеп лигасы бойынша жалпы командалық есепте:

І орын Құрманғазы ауданы;
ІІ орын Атырау қаласы;
ІІІ орын Индер ауданы.

Оқушылар Атырау облысы Білім беру басқармасының арнайы дипломы және кубогымен марапатталды. Жеңімпаз командалар алдағы жылы сәуір-тамыз айлары аралығында өтетін Республикалық Ұлттық мектеп лигасына қатысады.