Атырауда облыстық ләңгі федерациясы құрылды

Атырауда ләңгі ойыны бойынша облыстық федерация құрылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Соның аясында Индер ауданында алғашқы ойын да ұйымдастырылды. Оған балалар, ересектер мен ардагерлер қатысты. Сондай-ақ, бұл сайыста ардагерлер де сынға түсті. Нәтижесінде, Индер аудандық балалар спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев топ жарып, арнайы жүлде иеленді.