Атырауда облыстық басқармаға жаңа басшысы тағайындалды

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының лауазымына Айдулат Жанатұлы Кенжебеков тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Айдулат Кенжебеков Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тамамдаған.

Еңбек өтілі:

- 11.2008 – 12.2008 жылы облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы;

- 12.2008 - 10.2010 жылдар аралығында облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы;

- 10.2010 - 03.2011 жылдар аралығында облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бастығы;

- 03.2011 - 12.2011 жылы облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;

- 12.2011 - 05.2013 жылдар аралығында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;

- 05.2013 - 04.2019 жылдар аралығында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;

- 04.2019 жылдан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары.