Облыс орталығындағы білім ұясының оқушылары дүйсенбіден бастап қашықтан оқуға кірісті, деп хабарлайды AtyrauPress.
№31 мектеп-гимназияның директоры Ербол Қашаубайдың айтуынша, қазір білім беру ғимаратында жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты оқушылар бір апта бойы сабақтарын онлайн форматта оқиды.
«Оқушылар жаңа оқу жылының алғашқы аптасында мектеп қабырғасында оқыды. Енд қалалық білім бөлімінің шешімімен балалар 5 күн бойы қашықтан білім алады. Осы уақыт аралығында мектеп іші жарықтандырылып, лампалар қойылады. Біз ата-аналарға жағдайды түсіндіріп айттық», - дейді Ербол Қашаубай.
Айта кетейік, Атыраудағы №31 мектеп-гимназиясында жөндеу жұмыстары биыл маусым айының соңында басталған. Мектеп 2004 жылы пайдалануға берілген. Сол сәттен бастап бірде-бір рет жөндеу жүргізілмепті. Қазір онда екі ауысымда 1300 бала оқып жатыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА