Атырауда №12 автобус неге аз жүреді?

Қала тұрғындары №12 автобустың аздығына қапалы, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мәселенің мән-жайын біз Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннен білдген едік. Сөйтсек, аталған бағыттағв автобус саны небәрі төртеу ғана екен.

– Бүгінгі таңда қала мен қала маңындағы жолаушылар тасымалымен бес автобус паркі айналысады. Барлығы 31(18 қалалық, 13 қала маңындағы) бағытта 237 автобус қатынайды. Жыл сайын жаңа тұрғын үй құрылысы мен жеке сектордың кеңеюі есебінен қала мен қала маңындағы халық саны мен ауқымы артып келеді. Бұл өз кезегінде зор сұранысқа ие автобус пен маршрут санын көбейту қажеттігін тудырып отыр. Осы бағытта біз қазір жаңа инвесторлармен келіссөздер жүргізудеміз. Ендеше, жақсы жаңалықтар күтейік, - деді ол.

Айта кетейік, бүгінде облыс орталығында №20 бағытта 7, №14 бағытта 14, №8 бағытта 10, №30 бағытта 8, №30 "А" бағытта 9 автобус қатынайды. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ