Атырауда не өртеніп жатыр?

2 наурыз күні сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 км жерде, Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 га алаңда қамыс өсімдіктері жанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


"Елдімекендерге қауіп жоқ. Сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, Орман шаруашылығының, ЖАО-ның 36 адамы, 5 мотопомпасы, 1 техникасы, 4 мотоқайығы тартылды" делінген хабарламада.

Фото: иллюстратив