«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» апталығы аясында көліктер шеруі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Шеруге еріктілер, құтқарушылар, полиция мен жедел-жәрдем қызметкерлері қатысты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, олар орталық көшелерді аралап, жарық шамдары мен дабыл сигналын іске қосу арқылы қоғамның назарын жол қауіпсіздігіне аударып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға үндеу жасады.
- БҰҰ бас ассамблеясының 2005 жылғы 25-ші қазандағы қарарына сәйкес, жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандарлы еске алуға арналған облыс көлемінде акция өтіп жатыр. Басты мақсат – жол-көлік оқиғасынның санын азайту және оның зардаптарын болдырмау, - деді Атырау қаласы полиция басқармасы ПБ командирінің қызмет жөніндегі орынбасары Өсер Жәңгірхан.
Айта кетейік, аталған акция 17-ші қарашаға дейін жалғасады.
Анықтама үшін: жыл басынан бері барлығы 464 жол көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 574 адам түрлі деңгейде жарақат алса, 25-і көз жұмған.
Сәуле МАҒАУ