Атырауда не болып жатыр?

Атырауда Жошы ұлысының 800 жылдығына орай республикалық «Шебер – FEST 2024» атты шеберлер мен қолөнершілердің фестивалі өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен 20-ға жуық қолөнер шебері қатысты . Олар көптің назарына өздері жасаған ұлттық аспаптарды, киізден, ағаштан істелген бұйымдарды , ұлттық киім мен басқа да қолөнер туындыларын ұсынды.

- 4 жыл бұрын бастаған кәсібім қазіргі таңда алға басуда. Себебі қазақи нақыштағы ұлттық киімдерімізге қызығушылық көп. Бұл отандық өнімді шығарған кезде азаматтардың күнделікті өмірде әдемі, стильді киініп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптегенін қаладым , - деді Меңдібек Нұрғалиев.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай фестиваль өңірде алғашқы рет өтуде.

- Фестивалді өткізудегі басты мақсатымыз - ұлттық мәдениетіміздің рухани құндылықтарын, ұлт мәдениетін, дәстүрін жас ұрпаққа таныстыру, қолөнершілер шығармашылығын насихаттау . Осындай іс-шараны алдымыздағы жылдары да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшы Әбіл Жоламанов.