Атырауда не болып жатыр?

Атырауда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

1 қараша Атырау облысының жедел штабы терроризмге қарсы ҚР АТО аясында жоспарлы «Жебе-Антитеррор-2023» оқу-жаттығуын өткізуде. Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру болып табылады. Көрсетілген уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілетін болады. Осы ретте, қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтау сұралды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ