Атырауда Наурызда қарапайым қызметкерге үй сыйланды

Атырау қаласы Амангелді ауылында өткен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі ерекше қуанышқа толы болды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы мерекелік шара барысында белгілі болды. «Асыл Ана» ұжымы өздеріне қарасты «Қамия» супермаркетінде жұмыс істейтін кассирге баспана сыйлап, көпшіліктің алғысына бөленді.

Айта кетейік — бұл тек материалдық көмек емес, адал еңбекке көрсетілген зор құрмет. Осындай игі бастамалар қоғамда мейірімділік пен бірлікті нығайтып, өзгелерге үлгі болары сөзсіз.

Сонымен қатар, мерекеде ұлттық ойындар ұйымдастырылып, тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұсынылды. Ауыл халқы бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, Наурыздың басты құндылықтары — татулық пен сыйластықты тағы бір мәрте дәріптеді.