Атырау қаласында Наурыз мерекесіне орай ауқымды мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Осыған байланысты қалада уақытша көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.
Атап айтқанда, 21 наурыз сағат 08:30-дан бастап 22 наурыз сағат 22:00-ге дейін келесі көшелерде қозғалыс шектеледі:
• Сәтпаев көшесі – Ә. Молдағұлова көшесінен Ерниязов көшесіне дейін
• Тайманов даңғылы – Жарбосынов көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін
• Құлманов көшесі – Тайманов даңғылынан Ерниязов көшесіне дейін
Шектеулер мерекелік іс-шараларды қауіпсіз әрі жоғары деңгейде өткізу мақсатында енгізіліп отыр.
Қала тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Баршаңызды мерекелік іс-шараларға қатысып, Ұлыстың ұлы күні – Наурызды бірге қарсы алуға шақырамыз!