Атырауда мұзға кеткен әйел құтқарылды

Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні 21:49 сағатта Атырау қаласындағы «Элита» мейрамханасының тұсында белгісіз адам суға батып кеткені туралы шақырту түсті. 

Шақырту орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел кезекші оқиға орнына жетіп, әйел адамның жолды қысқарту мақсатында мұз үстімен өтпен болып, кенеттен аяқ асты  мұз ойылып, суға батып кеткенін анықтады.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 1979 ж.т. азаматша тез арада құтқарылып, құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Және де облыстық ауруханаға жеткізді. Жағдайы дәрігердердің бақылауында. 


 Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Еске сала кетейік,  бұл мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару бойынша тәулік ішінде тіркелген  екінші жағдай болатын.  


Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы