Атырауда пәтерлерінде өлі денелері табылған ерлі-зайыптылардың ажыраспақшы болғандары белгілі болды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Алдын ала белгілі болған ақпараттарға сәйкес ерлі-зайыптылар ажырасу процесінде болған. Араларында төрт бала бар" делінген хабарламада.
Ел ішінде "Ерлі-зайыптылардың бірі екіншісіне қол жұмсап, соңғысы өз-өзіне қол салған" деген әңгіме де тарауда. Алайда оны ресми орындар растай қойған жоқ.