Атырауда мұнай өнімдерін жасырын тасымалдағандар анықталды

Атыраулық полицейлер мұнай өнімдерін жасырын тасымалдаудың 2 дерегін анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес облыс аумағында 7 маусым мен 5 шілде аралығындағы мерзімде Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында әкету жағдайларына жол бермеу, тиісті рұқсатсыз жанар-жағар май бактарын орнату жолымен көлік құралдарын пайдалану қағидаларының бұзушылықтары фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасуда», - деп хабарлады бапсасөз қызметі.

Іс-шараның 6 күнінде мұнай өнімдерін көлік құралына рұқсат етілмеген қосымша бактар арқылы жасырын тасымалдаудың 2 дерегі, көлік құралының басқа да техникалық талаптарының сақталмауының 21 дерегі анықталды.

Осы ретте, атыраулық полицейлер көлік жүргізушілеріне жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және жанар-жағар майды заңсыз тасымалдағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА