Дәрігерлер мұғалімге гематома диагнозын қойды. Мұғалім емделу үшін демалыс алды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Оқыс оқиға 11 қазанда №24 орта мектепте орын алды. 7-сынып оқушылары тарих бойынша БЖБ тапсырады. Мұғалім тапсырманы орындамай отырған оқушыға жақындап, оған қандай көмек қажеттігін сұрайды. Жетінші сынып оқушысы өзін дөрекілік көрсетіп, мұғалімді итеріп жібереді. Соның салдарынанөз ұстаз еденге құлайды.
Осы оқиғадан соң мектепке оқушының ата-анасы дереу шақыртылды. Олар мұғалімнен кешірім сұрады. Ал дәрігердің қорытындысы бойынша мұғалімнің оң қолында гематома пайда болған, қазір ол емделу үшін демалыс алды.
Жасөспірім тіркеуге алынып, құжаттары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.