Атырауда мүгедектерден пара алған басшыларға қатысты қылмыстық іс тергелуде

Бұл туралы ATPress.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы және осы ведомствоның бөлім басшысына қатысты қылмыстық істі тергелуде
"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы және осы ведомствоның бөлім басшысына қатысты мүгедектікті кедергісіз ұзартқаны үшін жүйелі негізде мүгедектерден 30 000-нан 70 000 теңгеге дейін пара алған қылмыстық істі тергеуде.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды" делінген материалда.