Атырауда мопед пен жеңіл көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар

Қалада мопед пен ВАЗ автокөлігін басқарушылар жол апатына ұшырады. Соның салдарынан кәмелет жасына толмаған бала зардап шекті. Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Жол апаты бүгін 6 наурыз күні Махамбет пен Әбдірахманво көшелерінің қиылысында болды. Мопед жүргізушісінің жасы 16-да. Жедел жәрдем оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

«Оқиға орнына шақырту сағат 13:41-де түсті. Кәмелет жасына толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы орташа және дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

 Мира Нұртаева