Атырауда мопед пен "лада гранта" соқтығысты (+ВИДЕО)
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгін, 7 қараша күні сағат 22:00 шамасында Махамбет Өтемісұлы және Сырым Датов көшелерінің қиылысында мопед пен "Лада Гранта" көлігі соқтығысып, жол апаты орын алған. Салдарынан 1993 жылы туған мопед жүргізушісі жедел-жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, екі көлікке материалдық шығын келген. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ