Атырауда «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі кәсіпкерге жарты жылдан астам уақыт бойы әкімшілік кедергілер тудырған, деп хабарлайды AtyrauPress.
Осы ретте кәсіпкер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының әрекетсіздігіне және әкімшілік кедергілер жасауына Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және Өңірлік кәсіпкерлік палатасына шағымдандын, көмек сұрады.
Кәсіпкер өткен жылдың желтоқсан айынан бастап ұйымға жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияны бөлу, сондай-ақ есепке алу торабын пайдалануға қабылдау актісіне қол қою туралы бірнеше рет жүгінген.
Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ журналдарды, техникалық шарттарды тексеру қажеттілігімен жауап беруден бас тартты. Дгенмен, бұл сату бөлімінің өкілеттіктері мен функцияларына қайшы келеді, өйткені бұл бөлім есептегіш қуатының газ жабдықтарына сәйкестігін тексереді.
Нәтижесінде кәсіпкер тапсырыс беруші алдындағы міндеттерді орындау мерзімінің аяқталуына байланысты шығынға ұшырап отыр.
Өз кезегінде, департамент монополист мекеменің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Соның нәтижесінде газды есепке алу торабын пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА