Атырауда мешітте шу шығарған адамның кім екені белгілі болды

Мешітте шу шығарған азаматқа байланысты ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Оқиға 19 тамыз күні қаладағы Атырау селолық мешітінде орын алды. Мешітте имам уағыз айтып жатқанда мешітке тұрақты жамағатының бірі телефонына қарап отырады.

ҚМДБ өкілі:

"Оның бұл әрекеті жанындағы жамағатқа кері әсерін тигізді. Олар Темірханнан уағыз кезінде телефон ұстамауын, имамның насихатын тыңдауын сұрады. Жамағат тарапынан оған бірнеше рет ескерту жасалды. Алайда Темірхан ескертуге құлақ аспады. Керісінше мешіт ішінде дауыс көтеріп, шу шығарды. Мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, қарапайым әдеп қағидаттарын өрескел бұзды. Осыдан кейін белсенді жамағат оны наиб имамдар бөлмесіне алып келді. Мешіттің наиб имамдары ол азаматпен жеке сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Темірхан кінәсін түсініп, жамағаттан кешірім сұрады".