25 қараша күні ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні мерекесіне орай Тұрғындар қалашығы шағын ауданында, «Мұнайшы» стадионының алдында азық-түлік және ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл жәрмеңкеде Атырау қаласының және аудандардың тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Сонымен қатар мерекелік жәрмеңкеден бөлек апта сайын өтіп жүрген азық-түлік және ауылшаруашылық жәрмеңкесі өз кезегімен 26 қараша жексенбі күні де жалғасады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ