Модернизация сомасы 950 млн теңгені құрамақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Алем Уалиев айтты.
«Өңірде 19 сауда базары бар. Соның ішінде «Мерей» жаңаруды қажет етеді. Модернизациялау жұмыстары келесі жылы басталып, 2025 жылы аяқталуы тиіс. Себебі, елімізде жабайы базарларды біртіндеп аазйтып жатыр. Ал, қаржыландыру жұмыстарымен базар әкімшілігі айналысады» деді ол.
Айтпақшы, бүгінде әлеуметтік маңызды азық-түлік пен басқа да тауарлар бағасы 15 пайызға заңсыз өсірілгені анықталып отыр. Делдалдық сауданың 32 дерегі тіркелген. Заңды белшесінен басқан 17 кәсіпкер анықталған. Жалпы айыппұл көлемі 1 107 450 теңгені құрайды.
Амандық САҒЫНАТЙҰЛЫ