Атырауда мектептер офлайнға оралады

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

- Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты, 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектептері офлайн оқыту форматына көшеді, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, егер балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, олар оқуын онлайн-форматта жалғастыра алады. 

Атырау облысында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатын болады. 

Фото: ru.freepik.com