Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгін сағат 08:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасаймын деген хабарлама алғанын хабарлаған. Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады.
Қазіргі таңда мектеп ғимаратын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі сабақ онлайн өтіп жатыр.