Атырауда мектеп директоры бала-келіндеріне жалақы аударып отырған

Өңірде білім беру саласында іс-жүзінде жұмыс жасамайтын, яғни «өлі жандарға» жалақы аудару тәуекелі артқан, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Салдарынан 12 мектепте 41 «өлі жан» анықталып, мемлекетке 90 млн. теңге шығын келтіріліп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов мәлім етті. Мысалы, талдау барысында Атырау қаласындағы Амандосов атындағы орта мектеп басшылығы өздерінің жақын туыстарын, яғни қызын хатшы ретінде, баласын ағаш шебері, келіндерін педагогикалық ассистент және лаборант ретінде тіркеп, жұмысқа келмесе де, оларға жалақы төлеген.

Осы мектепке шаш қиюшы болып жұмыс жасайтын азаматшаны лаборант ретінде, Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында жұмыс жасайтын азаматшаны информатика пәні бойынша қосалқы қызметкер ретінде тіркеген.

"Stan.kz"