Атырауда мектеп жанынан "Оқушылар аллеясы" ашылды

Атырау қаласындағы «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейі мен №41 мектеп-гимназиясы аумағында "Оқушылар аллеясы" ашылды.

Көгалдандыру   жұмыстары аясында 50 ағаш егілді.
"Аллея ашудағы мақсат -  оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатты, қоршаған ортаны аялауға  тәрбиелеу. Отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау енді ұдайы жгргізіліп тұратын болады" дейді ұйымдастырушылар.
Шара аясында оқушылар арасында ұлттық ойындар - арқан тартыс және асық атудан сайыс ұйымдастырылды.