Атырау қаласындағы 6 мектептің тұсында «Сергек» камералары 40 км/сағ жылдамдыққа ауыстырылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жаяу жүргінші қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Атырау қаласы аумағында орналасқан білім беретін ұйымдардың тұстарына «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылып, 40 км/сағ жылдамдық режиміне іске қосу жұмыстарын Әкімшілік полиция басқармасы қадағалауда.
"Жоспар бойынша 1 қыркүйектен бастап Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектеп, №38 мектеп-лицей, Азаттық даңғылы Мұрат Мөңкеұлы атындағы №6 орта мектеп, М.Өтемісұлы көшесінде орналасқан №17 мектеп лицейі және Атырау индустралдық колледжі атындағы политехникалық колледжі, Бином мектебі тұстарында орналасқан «Сергек» аппараттық - бағдарламалық кешені 40км/сағ жылдамдық режиміне іске қосылатынын ескертеміз" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ