Атырауда ер адам майонездің ішіне есірткі салып, тергеу изоляторына өткізбек болды, – деп хабарлайды ATPress.kz.
"Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты УГ-157/1 мекемесінде күзетпен ұсталынып отырған күдікті А. Д-ға азамат Т. Н-дан сәлем-саухат акелу кезінде екі "Три желания" майонезінің ішінен фальгага оралған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп тәрізді зат тәркіленді. Мән-жайды анықтау мақсатында Атырау қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, тәркіленген заттар сот химиялық сараптамасына анықтау мақсатында жолданды. Күзет және режим бөлімінің қызметкері А. Рахмановтың тиянақты жұмысының арқасында Заң бұзушылыққа жол берілмеді" делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.