Атырауда масаға қарсы күреске бағытталған дезинсекциялық жұмыстарға екі арнайы препарат қолданылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен білгеніміздей, маса улау жұмыстарына жұмылдырылған техникалардың дезинсекциялық арнайы сұйықтықтары қатаң бақылаумен құйылады. Бұл жұмыстарды қадағалауға қалалық әкімдік тарапынан арнайы кезекшілікте ұйымдастырылған. Бүгінде алты арнайы техника маса улау жұмыстарын жалғастыруда.
Айта кетейік, бұған дейін маса улауға 100 млн теңге бөлінгенін жазған едік. Ал, қала әкімі Шәкір Кейкин маса улау жұмыстарының қарқынын көбейтуді тапсырған болатын.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ