27 маусым күні сағат 00:20 шамасында 1972 жылы туылған азамат алкогольдік ішімдік ішкен мас күйде маркасы “Toyota LC Prado” автокөлігін басқара отырып, Канцев көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған маркасы “Toyota LC Pradо» а
Орын алған факті бойынша 1972 ж.т., азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Айта кетейік, жыл басынан бері алкогольдік мас күйінде көлік тізгіндеген 260-тан астам жүргізуші анықталып, олардың барлығы 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.