Зираттар мен тұрғын үйлерге ұрлыққа түскен төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды Atpress.kz тілшісі.
№2 Атырау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде қала аумағында зираттар мен тұрғын үйлерге ұрлыққа түскен 1989, 1992, 1993 және 1992 жылдары туылған күдіктілерді анықтады. Олар ақпан-мамыр аралығында алдын ала сөз байласып, Атырау қаласындағы зираттардан айшықтар мен құлпытастарды қолды қылған. Келтірілген шығын 570 мың теңгені құрап отыр.
«Сондай-ақ, күдіктілер алты үйге заңсыз кіріп, өндірістік техника, алтын бұйымдар, ойын приставкасы, құрылыс құралдары – барлығын жымқырған. Шығын көлемі – 6 млн теңге» дейді М.Ердәулет.
Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 3 тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, сотқа жолданды.